Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің жамағаты сенбілікке шығып, мешіт ауласын тазалады.
Мешіттің бас имамы Орманбет Болатұлының ұйымдастыруымен өткен бұл игі іске мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат белсене қатысты.
«Тазалық — иманнан» деген қағиданы берік ұстанған дін қызметкерлері жұмыс киімдерін киіп келіп, құлшылық орнын мұқият тазалауға күш салды. Іс-шара облыстың өкіл имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асты.
Қала көркін арттырып тұрған мешіт үлкен жолдың бойында орналасқан. Сырттан келетіндерге бірден көрініп тұратын бұл құлшылық ордасының ауласын таза ұстау — имамдар назарындағы маңызды мәселе. Мешіт ұжымы әрдайым ішкі-сыртқы тазалыққа және жамағатқа қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді.
Дін қызметкерлерінің адал әрі жауапкершілікпен атқарып жатқан еңбегіне шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы