Халықаралық Жер күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Таза Қазақстан» атты тазалықты сақтау және табиғатты аялау акциясы өтті.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»,-деген.
Бұл хадис Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіміз келсе қоршаған ортамыздың тазалығына мән беруіміз керек екендігін білдіреді.
Осы мақсатта жүзеге асқан шараға «Төлеутай ата» мешітінің дін қызметкерлері мен жамағаты қатысты.
Акция аясында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазартылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы