Center Image
IHSAN.KZ
«Ең көркем есімдер Аллаға тән» тақырыбында сайыс өтті
«Ең көркем есімдер Аллаға тән» тақырыбында сайыс өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Ең көрем есімдер Аллаға тән»  тақырыбында Алланың 99 көркем есімдерін жаттаған шәкірттер арасында сайыс өтті

Рухани іс-шара Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталған жиында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы «Көркем есімдерді жаттау», «Амал етудің маңыздылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. 

Ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы «Жаратушымызға деген махаббат», «Зікір етудің маңыздылығын» тақырыптарында насихат айтты. 

Сайыс барысында шәкірттер Алла Тағаланың көркем есімдерінің арабша, қазақша мағыналарын айтып , білімдерін ортаға салды.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz