Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде елімізде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан», сондай-ақ «Тазалықты сақтау және табиғатты аялау» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Мешіт қызметкерлері санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында мешіт ауласын тазартуға бір кісідей атсалысты.
Сенбілік қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Бұл қоғамдық іске мешіт қызметкерлері жыл сайын барынша қатысып, дәстүрге айналған игілікті істі жалғастырып келеді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы