Бүгінде суицид жағдайы күрделі мәселе болып тұрғаны өкінішті. Көбінесе бұл қауіпті дертке оң-солын танып үлгермеген жастар ұшырайды және қайғылы жағдаймен аяқталып жатыр.
Осы себептің алдын алу үшін Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жастарына арнайы насихат жұмыстарын жүргізді.
«Суицид профилактикасы», «Жастар арасында стреске төзімділік» тақырыбында мешіт жастарына айтылған уағыз-насихат барысында «Өз-өзіне қол жұмсау ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең» -деп, айта келе Исламда өз-өзіне қол жұмсаудың үкімі қандай екені жайын тереңінен түсіндірді.
Ниса сүресінің 29-30 аяттарындағы «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай»,-деген сөзін тарқатып айтты.
Мешіт жамағаты бұл ауыр індеттің алдын алу үшін бүкіл қоғам болып күресу керек деген түйінмен тарқасты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы