Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен республика бойынша өтіп жатқан «Өркенге құрмет - тіріге міндет» тақырыбында жергілікті зиратқа тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аудан имамы Асхат Қанайұлының мұрындық болуымен өткен сенбілік жұмыстарына мешіттің дін қызметкерлері мен жамағаты атсалысып, тазалық жұмыстары атқарылды.
Іс-шара барысында зират басында арнайы Құран оқылып, марқұмдардың рухына дұға бағышталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы