Республикалық «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жанындағы бөлімінің ұйымдастыруымен өңірдегі мешіт қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты зираттарды тазалау іс-шарасы өтті.
Игі бастаманың мақсаты – бабалар рухына құрмет көрсету, жастарды қайырымдылық пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ қорымдарды күтімде ұстау арқылы ислам әдебіне сай сауапты істерді жүзеге асыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар зираттардағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді, қараусыз қалған бейіттерді тазалады. Белсенділік танытқан мешіт қызметкерлері мен еріктілер бірлесе еңбек етіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және ата-баба аманатына деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» жобасы – ата-бабалар рухына тағзым етумен қатар, кейінгі ұрпақты ұлттық тәрбиемен сусындатудың маңызды бір бағыты. Ізгілікті іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Іс-шара соңында «Нұр» мешітінің бас имамы қатысушыларға алғыс білдіріп, марқұмдардың рухына Құран бағыштап, елімізге амандық, халқымызға бірлік тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы