Дінімізде ағаш егу – сауапты амал. Осы ізгі істі Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Ермахан Оралбай бастамашы болып қолға алды. Игі бастамаға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді қатысып, көктемнің жайма-шуақ шағында мешіт ауласына шырша көшеттері мен гүлдер отырғызды.
Жердің тоңы жібіп, табиғат оянған мезгілде ағаш отырғызу – тек абаттандыру емес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сауапты іс. Мұндай амал жамағат арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да оң ықпал етеді.
Іс-шара соңында имам Ермахан Оралбай тал егуге атсалысқан барша жамағатқа алғысын білдіріп, бұл сауапты амалдың қабыл болуын тілеп, бата жасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы