Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылындағы «Қажыбай қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Отбасындағы сабыр» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Жиында сабырдың мұсылман өміріндегі орны мен оның отбасы ішіндегі маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы «Расында, Алла сабыр етушілермен бірге» («Бақара» сүресі, 153-аят) деген аятты негізге ала отырып, сабырлы болудың рухани және тәрбиелік жағына тоқталды.
Отбасының тыныштығы мен үйлесімділігі – мүшелерінің сабырлы, кешірімді болуына тікелей байланысты екені айтылды. Ашуға бой алдырмай, сабырмен шешім қабылдау отбасындағы татулықтың негізі болатыны ескертілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы