Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде ұзақ жылдар бойы діни салада қызмет еткен ақ жаулықты анаға құрмет көрсетілді.
Ауданның бас имамы Берік Алпысбайұлы мешіттің ішкі-сыртқы ісіне жылдар бойы атсалысып, ерен еңбек еткен қарт ананың еңбегін ерекше атап өтті. Ол ананың дін жолындағы ізгі қызметіне ризашылығын білдіріп, алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ ықылас-ниеттің белгісі ретінде кілем сыйға тартты.
Қадірлі ана өз кезегінде келген қонақтарға алғысын айтып, аудан имамына ақ батасын берді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы