Қарабас мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен Қарабас ауылында қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Игі іс-шара аясында ауылдағы тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылып, рухани қолдау көрсетілді. Сонымен қатар имам ауыл тұрғындарына ізгі тілегін білдіріп, бірлік пен мейірімділікке үндейтін насихат айтты.
Қайырымдылық – Ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі екенін еске салған Шарифулла Шадиев бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы