Қарағанды қаласындағы «Әл-Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Қыз – өмір сәні. Ана – өмір мәні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Бұл басқосуды мешіттің әйелдер жамағатының ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы өткізді.
Кездесу барысында ұстаз қыз баланың тәрбиесі, анаға құрмет, ар-ұят пен инабаттылық, отбасындағы ананың орны туралы тағылымды ой өрбітті.
Сонымен қатар қатысушыларға қазақы салт-дәстүр мен дініміздің әйел затына берген мәртебесі жөнінде кеңінен әңгімелеп, рухани насихат жүргізді.
Жиналған жамағат тәрбиелік мәні зор дәрістен үлкен әсер алып, алғыстарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы