Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы - қоғам байлығы» атты неке қидырған жас отбасыларға арналған жиын өткізілді.
Іс-шара барысында Асыл Көкешұлы жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты.
Жиынға некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындады. Сонымен қатар үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайларға отбасы тыныштығын сақтау жөнінде насихат айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы