Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен мұқтаж және қарт адамдарға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында күнкөрісі төмен отбасылар мен жалғызбасты қарияларға азық-түлік себеттері таратылды. Игі іске мешіттің жамағаты мен ерікті азаматтар атсалысты.
Игі бастамаға атсалысушылар тұрғындардың хал-жағдайын сұрап, ақсақалдарға арнайы көңіл бөлді. Ұйымдастырушылар қайырымдылық – мұсылманның көркем сипаты екенін айтып, қоғамдағы мейірімділік пен бауырмалдықты арттырудың маңызын түсіндірді. Жергілікті тұрғындар көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы