Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы Ерболат Дауржан жамағатқа Имам Науауидің «40 хадис» кітабынан насихат айтты. Уағыз «Расында, амалдар ниетке байланысты» хадисі төңірегінде өрбіді.
Имам ән-Нәуәуи (р.а.) бұл хадисті өзінің әйгілі «40 хадис» жинағының басына қойған. Оның айтуынша, бұл хадис – ислам негіздерінен саналатын аса маңызды қағидалардың бірі. Ғалымдар бұл хадисті «Ислам ілімдерінің үштен бірі» деп бағалаған. Себебі амал – жүрек, тіл және денемен жасалатын іс болса, ниет – жүректегі амалдардың негізі.
Уағыз барысында наиб имам амалдың қабыл болуы мен ниеттің шынайы болуының арасындағы тығыз байланысты түсіндіріп, жамағатты ықыласпен ғибадат етуге шақырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы