Қарағанды қаласындағы «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының тапсырмасымен қыз балалардан құралған шәкірттерге «Құран – мәңгі мұғжиза» атты мәдени-танымдық кеш ұйымдастырылды. «Toi Grand» мейрамханасында өткен іс-шараны мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы ұйымдастырды.
Кеш барысында «Құранға байланған жүректер», «Құран жайында деректер», «Құран – шапағатым» тақырыптарында уағыздар айтылды. Одан кейін сұрақ-жауап кезеңі жалғасып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Құран хатымға түскен шәкірттерге «тәж кигізу рәсімі» өткізілді. Қажы апалар жастарға ақ батасын беріп, соңында кең дастархан жайылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы