31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы, Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде орналасқан «Карлаг» музейінде тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған жиын барысында «Нұр» мешітінің имамы қатысып, қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран аяттарын бағыштады. Игі рәсімге қала және дін басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Мұндай бастамалар – ұлт жадын жаңғыртып, өткеннің қасіретін ұмытпауға үндейді. Құран оқылып, дұға жасалған бұл рәсім де ел тарихына құрметпен қараудың бір көрінісі болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы