Қарағанды облысы,Саран қалалық мешітінде<<Қоршаған орта-Аманат >> тақырыбында жұма уағызы өтті. Уағызды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей жүргізді.
Алла Тағала барша жаратылысты хикметпен, тәртіппен және белгілі бір жүйемен жаратқан. Сол жүйенің маңызды бөлігі — қоршаған орта: ауа, су, жер, өсімдіктер мен жануарлар. Бұл-Раббымыздың бізге берген аманаты. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді:
«Жер жүзінде бұзақылық жасамаңдар»
(Ағраф сүресі, 56-аят)
Бұл аят табиғатты ластамау, бүлдірмеу, теңгерімін бұзбау туралы бұйрық. Қазіргі замандағы экологиялық апаттар-осы бұйрықты елемеудің салдары.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) табиғатты қорғауға ерекше мән берген.
Бір хадисте:
«Егер кімде-кім бір ағаш ексе немесе егін ексе, одан адам, жануар немесе құс жесе, бұл оған садақа болып есептеледі»
(Бухари, Муслим)
Бұл хадис табиғатты қорғау-тек экологиялық міндет емес, сонымен бірге сауапты іс екенін көрсетеді.
Қоршаған орта — Алланың бізге берген аманаты. Аманатқа қиянат жасау — ауыр күнә. Сондықтан табиғатты қорғау — дініміздің бір бөлігі. Біз Жаратушыға және болашақ ұрпаққа жауаптымыз.
Алла Тағала жүрегімізге иман, санамызға жауапкершілік, табиғатқа деген мейірім нәсіп етсін!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы