Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық мешітінің ауласына жеміс ағаштары отырғызылды.
Ауылдық мешіттің имамы Ақпамбет Наурызбек Мейрамбекұлының ұйымдастыруымен өткен игі іске мешіт жамағаты белсенді атсалысты.
Бұл іс-шара – табиғатты аялауға, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған сауапты бастамалардың бірі. Келешекте көктеп, саялы баққа айналатын бұл ағаштар жамағатқа көлеңке мен береке сыйлайтыны сөзсіз.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы