Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде еліміздегі түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған ұлттар бірлігіне арналған тағылымды іс-шара өтті.
Мешіттің бас имамы Орманбет Болатұлының бастамасымен ұйымдастырылған жиында келген қонақтарға дастарқан жайылып, уағыз-насихат айтылды. Дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар және ұлттар арасындағы сыйластық жөнінде мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Іс-шараға Шешен-Ингуш, Әзербайжан, Өзбек диаспораларының төрағалары қатысып, өзара ынтымақ пен татулықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Көп ұлтты елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері бұл басқосуда бір үйдің баласындай бірігіп, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы