Қарағанды облысы мешіттерінің әйел-қыздар жамағаты облыстық волейбол турниріне қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл спорттық іс-шараға өңірдің әр мешітінен белсенді әйел жамағаты жиналып, достық пен бірліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің әйел-қыздар жамағаты жүлделі III орынды жеңіп алды.
Дене тәрбиесін нығайтып, ауызбіршілікті арттыруды мақсат еткен турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың ұйымшылдығы мен шеберлігі көрінді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы