Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында белең алып отырған жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы уағыз-насихат жұмысы ұйымдастырылды.
Уағызды мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жүргізіп, жамағатқа, әсіресе жастарға радикалды және теріс бағыттағы діни ағымдардың белгілері мен қауіп-қатері туралы кеңінен түсіндірді. Ол дәстүрлі ислам мен жат ағымдардың ара-жігін ажыратудың маңыздылығына тоқталып, діни білімді тек сенімді, ресми көздерден алу қажеттігін баса айтты.
Іс-шара жастар арасында дінге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жат идеологиялардың ықпалынан сақтау мақсатында өткізілді.
Имамның баяндамасы жамағат тарапынан жылы қабылданып, өзекті сұрақтар қойылып, көпшілікпен өзара пікіралмасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы