Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде қыздар жамағатына арналған жазғы діни сауат ашу лагері аясында ерекше шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
«Гофр қағазынан раушан гүл жасау» атты мастер-класс қыздардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталды.
Шәкірттер түрлі-түсті қағаздардан гүл құрастырып, қолөнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Дәріс барысында қыздар көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне көмектесіп отырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың эстетикалық талғамы мен рухани дүниесі қатар дамып келеді.
Сабақ соңында қатысушылар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, өз жұмыстарын қуана таныстырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы