Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен «Дархан Дала» жобасы аясында тарихи-танымдық іс-шара өтті. Жоба барысында мешіт шәкірттері көне тарихи орын — «Едіге бидің билік тасы» орналасқан мекенге арнайы зиярат жасады.
Игі бастаманың мақсаты — жас буынға ұлттық тарихымызды, ата-бабадан қалған рухани-мәдени мұраларды насихаттау, дәстүрлі діни тәрбиемен қатар тарихи сананы қалыптастыру. Сондай-ақ елдің өткенінен тағылым алып, болашаққа дұрыс бағыт ұстануға үндеу болды.
Айта кетейік, «Дархан Дала» жобасы Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің бастамасымен тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты — жастарға ата-баба дәстүрін, тарихи құндылықтарды дәріптеу арқылы рухани тәрбие беру, ұлттық сананы жаңғырту және туған жердің киелі орындарын таныту.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы