Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде қайырымдылық бағытындағы игі істер тұрақты түрде жалғасын тауып жатыр. Жуырда мешіт ұжымы тарапынан 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған, асыраушысы жоқ ананың отбасына 186 666 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Аталған қайырымдылық іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры аясында жүзеге асырылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға бағытталды. Мешіттің имамы Ермахан Оралбайдың бастамасымен атқарылған бұл көмек – қоғамдағы мұқтаж жандарға жанашырлық танытудың жарқын үлгісі болды.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық бастамаларды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы