Ақтас кентінің имамы Азамат Сайлауұлының ұйымдастыруымен #6505 әскери бөлімінде офицерлер мен сержанттарға арналған суицидтің алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында өз-өзіне қол жұмсаудың дінде үлкен күнә екені түсіндіріліп, өмірдің аманат екені айтылды. Сондай-ақ қатысушыларды жігерлендіру мақсатында батыр бабаларымыздың өмірінен үлгі-өнеге келтірілді.
Іс-шара аясында сабыр, үміт, жауапкершілік сияқты құндылықтар және сарбаздардың бір-біріне бауырмалдық пен достықты ұштастыра қолдау көрсету маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу кезінде әскери қызметшілер рухани серпіліспен өмірге деген оң көзқарастарын арттырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы