Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арнап танымдық дәріс өтті.
Дәріс барысында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың мазмұны кеңінен түсіндіріліп, халқымыздың діни әрі рухани тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті жайында тағылымды ойлар ортаға салынды.
Игі бастаманың мақсаты – жамағатқа ата-бабалар ұстанған дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттап, ұлт тарихындағы рухани жалғастықты ұғындыру.
Дәріске қатысқан жамағат мол мағлұмат алып, рухани азыққа кенелді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы