Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Ынтымағы жарасқан жанұя» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.
Уағыз барысында отбасы бірлігінің маңызы, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылып, ислам дініндегі отбасының орны мен рөлі кеңінен түсіндірілді.
Игі іс-шараның мақсаты – жамағатқа отбасы берекесінің дініміздегі орнын ұғындыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ынтымақ пен сыйластыққа үндей түсу.
Жамағат насихаттан рухани азық алып, пайдалы мәліметтерге қанықты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы