Center Image
IHSAN.KZ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ЖЕҢІЛУІ...
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ЖЕҢІЛУІ...

Айша анамыз (р.а.) айтуда:

Бір күні Пайғамбарымызбен ﷺ сапарлатып келе жаттық. Ол кезде мен әлі жас едім. Салмақ қоспаған шағым болатын. Пайғамбарымыз ﷺ жанындағыларға:

  • Сіздер алдыға түсіп жүре беріңіздер! ­­­­– деді. Олар да ілгерілеп жүріп кетті. Сөйтті де Пайғамбарымыз ﷺ маған бұрылып:
  • Кел, сенімен жүгіруден бір жарыс ұйымдастырайық, – деді. Сөйтіп екеуміз жүгіре кеттік. Жарыста мен жеңіске жетіп, Пайғамбарымыздан ﷺ мен озып кеттім.

Ол кезде Пайғамбарымыз ﷺ ештеңе демеді. Арадан біраз уақыт өтті. Мен біраз салмақ қосып, біршама толған едім. Жарыс оқиғасын да ұмытқан едім. Тағы бір сапарда Алланың Елшісі ﷺ тағы да жанындағы мұсылмандарға:

  • Сіздер жүре беріңіздер, – деді. Олар да жүріп кете берді. Пайғамбарымыз ﷺ болса, маған бұрылып:
  • Қане, кел, жарысалық, ­– деді. Жақсы десіп жарыса кеттік. Бірақ, бұл жолы Пайғамбарымыз ﷺ менен озып кетті. Бұл жеңісіне қуанған Пайғамбарымыз ﷺ:
  • Баяғыдағы бір жарысымыздың есесін қайтардым-ау, – деп күлді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz