Бір кісі Жалаладдин Румиге келіп, кедейлігін айтып, мұңын шағады. Ғұлама одан: «Егер бір дене мүшеңді кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, сен бұған разы болар ма едің?» деп сұрайды.
Ол кісі: «Жоқ, о не дегеніңіз?!» деп жауап береді.
Сол кезде Руми оған: «Онда неге әркімге мұң шағасың? Баға жетпес он екі мүшең сау тұрғанда, кедеймін деуің жараса ма?! Қайта Алла Тағалаға шүкіршілік айтпайсың ба?!» деп ойлантқан екен.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы